Скетч-шоу «Қуырдақ»

    Қазақ тіліндегі әзілі жарасқан,  ерекше нақыштағы әзіл-сықақ шоуы.  Жаңа скетч-шоуы «Жетінші арна» көрермендерін комедиялық жанрдағы жаңа есімдермен  таныстырып, жарқын таланттармен қауыштырады.  Халықтық-ұлттық  форматта нақышталған қарапайым өмір оқиғаларының экранизациясы бірде-бір көрерменді бей-жай қалдырмасы анық, ал  жоба әзілі әр көрермен үшін  түсінікті де тартымды болары сөзсіз.

    Жаңа скетч-шоудың айрықша ерекшелігінің бірі – шоу кең ауқымды аудиторияға негізделген қазақ тіліндегі сапалы қазақстандық өнім екендігінде. Сондықтан жаңа скетч-шоу әзілдері әртүрлі тақырыпты қамтиды: такси, күлдіргі әрі қызықты жаңалықтар, супермаркет, мейрамхана және өзге де жерлердегі көріністер.  Жалпы актерлері - қазақстандық КВН командаларының ойыншылары.